Тунгушбаев Талғат Какарұлы

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры

Туған жылы:30.08.1966ж.

Білімі, мамандығы (квалификациясы):

1989 жылы маусым айында Қарағанды мемлекеттік медициналық  институтын, «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша аяқтаған.

Ғылыми дәрежесі - санитарлық – эпидемиологиялық қызметті ұйымдастырушы – дәрігердің жоғары біліктілік санаты.

Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі;
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі;
  • ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі;
  • ҚР ДСМ  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі;
  • «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігінің «Ел ардақтысы»  төс белгісі;
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Үздік еңбегі үшін» төс белгісі.

Еңбек өтілі:

  • 1989 жылдың тамыз айынан 1990 жылдың желтоқсанына дейін Семей облысы Мақаншы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер – эпидемиологы болып жұмыс істеді.
  • 1990 жылдың желтоқсанынан 1992 жылдың сәуіріне дейін Алматы темір жол бөлімшесінің, одан кейін Алматы темір жол бөлімінің Еңбек гигиенасы және тамақтану бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
  • 1992 жылдың сәуірінен 1994 жылдың мамырына дейін Қазақ Республикасының СЭС радиациялық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері болып жұмыс атқарды.
  • 1994 жылдың мамырынан 1999 жылдың ақпанына дейін ҚР Әуе көлігінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, ҚР Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, ҚР ДСМ Әуе көлігіндегі орталық СЭС бас дәрігері болып қызмет етті.
  • 1999 жылдың ақпанынан 2003 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының санитарлық – эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді.
  • 2004 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың тамызына дейін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының бас санитарлық дәрігері – ҚР ПІБ Медициналық орталығының санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы болып жұмыс атқарды.
  • 2007 жылдың тамызынан 2009 жылдың маусымына дейін «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМҚК бас дәрігерінің ұйымдастыру және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2009 жылдың қараша айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының шұғыл алдын алу қызметінің бастығы болып қызмет жасады.
  • 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың тамызына дейін Алиментариус кодексі (ҚР Денсаулық сақтаудағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі) мәселесі бойынша Дүниежүзілік банк жобасының үйлестірушісі болып жұмыс істеді.
  • 2012 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ессентуки филиалының, Ресей Федерациясы, Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаторийінде  директоры-бас дәрігері болып жұмыс атқарды.
  • 2014 жылғы ақпаннан 2015 жылғы маусымға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу - сауықтыру кешені» АҚ-ның президенті болып қызмет жасады.
  • 2015 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы сәуірге дейін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Алматы Шипажайы» АҚ-ның президенті болып қызмет етті.
  • 2017 жылдың маусым айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейін  «Шипа + Ко» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді.
  • 2018 жылдың тамызынан 2018 жылдың қарашасына дейін ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының директоры болып қызмет атқарды.
  • 2018 ж. қараша айынан 2019 ж. ақпан айына дейін ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болып жұмыс істеді.
  • 2019 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры болып қызмет етті.
  • 2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ  ТКҚСҚБК  «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК – ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры болып жұмыс істейді.