Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның ақпараттық технологиялар бөлімінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттық технологиялар бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттық технологиялар бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына математика, информатика, байланыс, техникалық, ақпараттық жүйелерді басқару мамандықтар бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

  1. Серверлердің, компьютерлердің, перифериялық жабдықтардың, Кәсіпорынның жергілікті желісінің және ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс барысында туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау;
  2. қажетті мәліметтерді дайындайды және ақпараттық жүйелер мен оның жекелеген кезеңдері мен ішкі жүйелерін жобалауға техникалық тапсырманы дайындауға, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеуге қатысады;
  3. пайдаланушыларды тіркейді, идентификаторлар мен құпия сөздерді тағайындайды. Пайдаланушылар тізімін және олардың қол жеткізу құқықтарын тікелей басшысымен келістіреді;
  4. пайдаланушылар үшін шектеулерді белгілейді: а) жұмыс станциясын немесе серверді пайдалану бойынша; б) ресурстарды пайдалану дәрежесі бойынша;
  5. Кәсіпорынның ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларды жедел қолдауды жүзеге асыру, пайдаланушыларды Кәсіпорынның ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуге үйретеді
  6. деректердің көшірмелерін және сақтық көшірмесін уақтылы жасайды;
  7. жүйедегі компьютерлік вирустарға жүйелі түрде тексеру жүргізеді;
  8. бөгде ұйымдардың мамандармен желілік жабдықты орнатуын қадағалайды.
  9. компьютерлік желіге мониторинг жүргізеді, желінің инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  10.  ақпараттық желідегі жұмыс тәртібін және ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттарды сақтауды бақылайды;
  11. желіні теріс пайдалану жағдайлары және қабылданған шаралар туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды;
  12. ақпараттық жүйелердегі ақаулар мен бұзушылықтардың себептерін зерттейді, оларды жою және алдын алу, ақпараттық жүйелердің сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  13. стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді, дербес компьютерлерді және Кәсіпорынның әртүрлі перифериялық жабдықтарын орнату, баптау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  14. аппараттық және бағдарламалық ақауларын жедел жою бойынша, вирусқа қарсы бағдарламаларды орнату және Кәсіпорынның антивирустық деректер қорын жаңарту бойынша жұмыстарды іске асыру және ұйымдастыру;
  15. бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге және барлық қажетті техникалық құжаттаманы дайындауға қатысу;
  16. басқарманың ағымдағы және перспективалық міндеттерін орындау;
  17. өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарын техникалық қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезінде олардың жергілікті электронды желіде тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Маман міндетті:

  1. Кәсіпорынның жергілікті желісін қолдау және кеңейту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
  2. Кәсіпорынның ақпараттық жүйелерінің, компьютерлік техникасының және перифериялық жабдықтарының үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастырады.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарын қажетті компьютерлік, көшірме және басқа электрондық кеңсе техникасымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде Маман міндетті:

  1. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының компьютерге, көшірме-көбейту және басқа да электрондық кеңсе техникасына қажеттілігін талдау және қорыту бойынша жұмыстарды жүргізу;
  2. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының жұмысын автоматтандыру үшін қажетті техниканың сапасы, саны, құрамы және конфигурациясы бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
  3. есептеуіш, көшірме-көбейту және басқа да электрондық кеңсе техникасын пайдаланушылардың пайдалану ережелерін сақтауына іріктеп бақылауды жүзеге асыру.

Кәсіпорынды телефонмен және басқа электрондық байланыс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде Маман міндетті:

  1.  Кәсіпорынның филиалдарына байланысты ұйымдастыруда техникалық көмек көрсетуге және кеңес беруге;
  2. телефон жабдығын түпкі пайдаланушыларға қосуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
  3. фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. біліктілік бағасы;
  2. тестілеу;
  3. сұхбаттасу өткізу;
  4. конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 29 наурыз сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.