Қарағандыда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мәселелері бойынша ашық есік күндері өтеді
В Караганде пройдет день открытых дверей по вопросам сан-эпид благополучия региона 20.09.2018

Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы, 2018 жылдың 24 қыркүйек, Медицина үйі ғимаратында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын  қамтамасыз ету саласында қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күндерін» өткізеді.

«Ашық есік күндері»  шеңберінде Филиал тарапынан көрсетілетін қызмет түлері, сондай-ақ тауарларды, қызметтерді сараптау және жұқпалы, паразиттік ауруларды  зертханалық диагностикалау жөнінде түсінік берілді.

Жеке тұлғаларға: клинико-диагностикалық зерттеулер, медициналық қарау, гигиеналық оқыту, желдету жүйелері мен ауа бөлгіш құбырларын тазалау бойынша.

Корпоративтік клиенттерге: өндірістік бақылау, жұмыс аймағын аттестаттау, дезинфекциялау, дезинсекциялау (бұқырлау) және дератизациялау, гигиеналық оқыту, желдету жүйелері мен ауа бөлгіш құбырларын тазалау бойынша.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 үй, Медицина үйі ғимаратында.

Өтетін уақыты: 9.00 - 13.00 сағ.

      Анықтама үшін телефон нөмірлері:  (7212) 50-75-80, 50-75-93, 50-52-41