Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кодекс Алиментариус халықаралық дөңгелек үстел өткізді
Кодекс Алиментариус провел Международный круглый стол 27.06.2025

Бүгін Ұлттық сараптама орталығында онлайн-форматта Қазақстандағы Кодекс Алиментариустың Ұлттық құрылымы ұйымдастырған Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне арналды.

ФАО мен ДДСҰ-ның қолдауымен жұмыс істейтін Кодекс Алиментариус комиссиясы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулерді жаһандық деңгейде үйлестіруге ықпал етіп, ғылыми ақпарат алмасуға арналған халықаралық алаң қызметін атқарады.

Халықаралық іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова құттықтау сөзімен ашты.

2025 жылы Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күнінің тақырыбы «Әрекеттегі ғылым» деп белгіленді. Бұл ғылымның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін айқындайды. Кодекс Алиментариустың стандарттары мен ұсынымдары тұтынушылардың денсаулығын қорғауға және әділ сауданы дамытуға бағытталған ғылыми білімге негізделеді.

Дөңгелек үстел барысында халықаралық ғылыми құрылымдар — JECFA, JMPR, JEMRA және JEMNU — атқарып келе жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бұл ұйымдар көптеген жылдар бойы азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бағалауларды үздік ғылыми деректер негізінде жүргізіп келеді. Олардың жарияланымдары бүкіл әлем бойынша үкіметтер, өнеркәсіп өкілдері және ғылыми-зерттеу орталықтары тарапынан беделді анықтамалық құжаттар ретінде мойындалған.

Одан әрі қатысушыларға Кодекс Алиментариус комиссиясы төрағасының орынбасары д-р Битул Вазгечер, ФАО-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік кеңсесінің өкілі Мэри Кенни, ДДСҰ елдік кеңсесінің саясат жөніндегі кеңесшісі Стела Георгица, ДДСҰ-ның Орталық Азиядағы субөңірлік өкілі Марио Латини, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Таскын Кызайбаев сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, сондай-ақ Кодекс Алиментариус комиссиясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие Еуразиялық экономикалық комиссия, салалық министрліктер мен ведомстволар, санитариялық және ветеринариялық сараптама зертханалары, өндіріс саласы, ғылыми және білім беру ұйымдары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігінің түрлі аспектілерін, негізгі мәселелерді шешудегі ведомствоаралық тәсілдің маңыздылығын, ғылымның осы саладағы негіз қалаушы рөлін, Кодекс Алиментариус құжаттарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, тұтынушылардың денсаулығын қорғаудағы және адал сауда жүргізудегі маңызын талқылады.

Дөңгелек үстелдің өткізілуі Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысуға және халық денсаулығын қорғау үшін ғылыми базаны нығайтуға ұмтылысын растады.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail