Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалына жұмыс сапарымен барды
С рабочим визитом филиал НЦЭ по ВКО посетила Главный государственный санитарный врач РК 23.06.2025

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалында болды.

Сапар аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен ҰСО ШҚО филиалының қатысуымен бірлескен кеңес өтті. Жиын барысында зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін күшейту мәселелері қаралды.

Кездесу соңында, медицина қызметкерлері күніне орай бірқатар қызметкер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан ұзақ жылғы еңбегі мен елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail thumbnail