Ұлттық сараптама орталығы өңірлік филиалдардың зертханаларын халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі бағдарламаны дәйекті түрде іске асырады. Жыл сайын ауқымды жұмыстар жалғасуда: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, автопарк жаңартылуда, зертханалық жабдықтар жақсартылуда және жаңартылуда, ал мамандар тұрақты оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді.
Бұл шаралар Ұлттық сараптама орталығының зертханалық желісінің әлеуетін нығайтудың кешенді стратегиясының бөлігі болып табылады. Бұл тәсіл зертханалық зерттеулердің жоғары дәлдігін, сенімділігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге негізделген, бұл өз кезегінде халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына тікелей әсер етеді.
Кәсіби мереке қарсаңында Ұлттық сараптама орталығының командасы бірқатар нәтижелерімен бөліседі:
1. 2023 - 2024 жылдар кезеңінде 44 нысанда жөндеу жұмыстары (күрделі және ағымдағы) жүргізілді. Ағымдағы жылы Кәсіпорынның 23 объектісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда
2. 2023 - 2024 жылдар кезеңінде өңірлік филиалдардың автопаркі 118 бірлік автокөлікпен толықтырылды. Ағымдағы жылы 43 техниканы жаңарту жоспарлануда
3. Жамбыл облысында зертханалық ғимараттың құрылысы аяқталды. Бұдан әрі, Түркістан облысы бойынша филиал зертханасының құрылысы жоспарланған;
4. Қазіргі уақытта барлық облыстық филиалдар, 10 қалалық бөлімше (21-ден-10-ы) және 55 аудандық бөлімше (155-тен-55-і) аккредиттелген. Аккредиттелгендер географиясын кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда
5. 2023 жылдан бастап 2000-нан астам зертханалық жабдық сатып алынды. Бұл біздің зертханаларымыздың материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайтты
6. Біз Цифрлық өнімдерімізді жаңартуды және жақсартуды жалғастырамыз. Деректерді іріктеу процестерін автоматтандыру. Біздің клиенттер үшін QR-кодтармен төлем қызметтерін және онлайн шарттарға қол қоюды қосамыз. Цифрлық өнімдер бойынша жұмыс жалғасатыны сөзсіз. Бұл клиентке бағдарлануды жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
7. Кәсіпорын ғылыми қызметті іске қосудың негізгі бағыттары бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді. Осылайша, «Ұлттық сараптама орталығының хабаршысы» ғылыми-практикалық журналы құрылып, тіркелді. Журналға ISSM халықаралық индексін беру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл оның академиялық маңыздылығын арттырады
8. Академиялық байланыстарды нығайту бойынша іс-шаралар белсенді жүзеге асырылуда. Тиісті меморандумдар жасалып серіктестермен бірлескен жұмыстар жоспарлануда
9. Кәсіпорын жұмыс істеген жылдары жақын және алыс шетел ұйымдарымен сенімді серіктестік байланыс орнатты, бұл халықаралық жобалар мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Кәсіпорын БҰҰ – ДДСҰ, FAO, Codex Alimentarius ұйымдарымен жемісті жұмыс жасайды.
10. Бейінді білімі бар мамандарды тарту мақсатында жаңадан құрылған облыстарда жалға алынған тұрғын үй үшін ақшалай шығыстарды өтеу көзделген. Бұл әлеуметтік пакет ҰСО-да алғаш рет іске қосылуда. Біз болашақта осы бағдарламаның кеңеюін күтеміз, бұл ҰСО-ның жұмыс беруші ретіндегі бәсекелестігін нығайтуға мүмкіндік береді
11. Кәсіпорын Codex Alimentarius өкілдіктері үшін база болып табылады, ол тамақтану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының тең төрағасы ретінде белсенді қатысады, Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне ДДСҰ Еуропалық Кеңсесінің халықаралық консультанты ретінде консультативтік көмек көрсетеді.