Астана қаласындағы Қазақ агротехникалық университетінің шақыруымен Ұлттық сараптама орталығының Халықаралық ынтымақтастық секторының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Найля Карсыбекова тамақ қауіпсіздігі кафедрасының магистранттарына дәріс оқыды.
Дәріс барысында Кодекс Алиментариус Комиссиясының құрылымы, оның мақсаттары, міндеттері және халықаралық стандарттарды әзірлеу алгоритмі туралы толық ақпарат берілді. Қазақстанның осы стандарттарды әзірлеу процесіне барлық Кодекс алаңдарында және комитеттер сессияларында белсенді қатысуының маңызына ерекше назар аударылды.
Профессор Карсыбекова Қазақстанның Еуропа бойынша ФАО/ДДСҰ Координациялық комитетінің Төрағасы ретінде тәжірибесімен бөлісіп, еліміздің Регионалдық координатор ретіндегі маңызды жетістіктері мен қызмет нәтижелерін атап өтті.
Магистранттар дәріс тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, Кодекс туралы ақпаратты өз диссертациялық жұмыстарында қолдану мүмкіндігін талқылады.
Кодекс Алиментариус мәселелері жөніндегі ведомствоаралық Координациялық Кеңес азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейтуге, техникалық регламенттерді Дүниежүзілік Сауда Ұйымының халықаралық талаптары мен нормаларына сәйкес үйлестіруге, «Кодекс Алиментариус» Комиссиясының профильді комитеттерінің жұмысын қолдауға, сондай-ақ азық-түлік өнімдерінің халықаралық стандарттарын әзірлеу және оны халықаралық деңгейде қорғау мәселелері бойынша ұлттық позицияларды қалыптастыруға бағытталған.