Алматыда сібір жарасы ошағын жою бойынша оқу-жаттығулар өтті
Учения по ликвидации очага сибирской язвы прошли  в Алматы 02.10.2023

Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының Дезинфекция орталығы сібір жарасы бар науқасты анықтау кезінде оқу- жаттығуларына қатысты.

Оқу - жаттығуды ұйымдастырушы Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы болды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – аса қауіпті жұқпалы ауру сібір жарасының таралуын болдырмауға бағытталған жедел шаралар қабылдау бойынша білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру.

Оқу-жаттығулар Алматы қаласының аумағына аса қауіпті жұқпалы аурулардың әкелінуінен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары шеңберінде өткізілді.

Жаттығу сценарийі бойынша Алматы-1 станциясының теміржол вокзалының медициналық пунктіне жолаушы дене температурасы 39С дейін, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас ауруы, әлсіздік, бел бұлшықеттерінің ауыруы және іштің ауыруы туралы шағымдармен жүгінді.

Қолдарында қызыл дақтар мен жаралар, қызару және ісіну бар. Науқас Жамбыл облысынан келіп, жолаушылар пойызымен Астана қаласына кетуді жоспарлаған.

Алматы-1 вокзалының медициналық пунктінің қызметкері тексеруден кейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне науқастың болжамды диагнозы туралы хабарлайды.

Диагноз расталғаннан және науқасты эвакуациялағаннан кейін Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының дезинфекция орталығының бригадасы сібір жарасы ошағын жою бойынша дереу өңдеу жүргізді.                       Қорытынды дезинфекция медициналық пункттің кіреберіс есігінен жүргізіле бастады, науқас болған барлық бөлмелерді мұқият түрде өңдеді. Сондай-ақ, әр бөлмеде қабырғалар, төбелер мен едендер дезинфекциялық ерітіндімен өңделді.

Дезбригада дезинфекциялауға және кәдеге жаратуға жататын барлық заттар мен материалдарды арнайы пакеттерге жинады, оларды мықтап жауып, дезинфекциялау құралымен өңдеді, таңбалаумен белгілеп, қауіпті қалдықтарға арналған сөмкеге салды.

Аталған іс-шараға И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, М. Айкімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы, жедел медициналық жәрдем станциясы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

Өткізілген оқу жаттығулары барлық қызметтердің инфекция ошағының таралуы, оқшаулануы және жойылуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін дереу орындауға дайындығын растады. Осындай жаттығулар жыл сайын штаттық режимде өткізіледі.

Сурет галереясы