Ұлттық сараптама орталығында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар туралы талқыланды
В НЦЭ обсудили основные причины и условия, способствующие коррупции 21.09.2022

Бүгін Ұлттық сараптама орталығында 2021-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Отырысқа басқарма Төрағасы мен оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ онлайн-байланыс арқылы филиал директорлары қатысты.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің алдын алу басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі қызметкері шақырылды.

Семинар-кеңес барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаны күшейту бөлігіндегі өзгерістерді талқылады.

Кездесу нәтижесінде тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұрғысынан одан әрі ынтымақтастықты арттыруға келісті.