Ерлан Қиясов Арал маңындағы су қоймалары мен ауаның экологиялық жағдайы туралы айтып берді
Ерлан Киясов рассказал об экологическом состоянии водоемов и воздуха Приаралья 21.10.2022

Қызылордада «Арал өңірінің қоршаған ортасы және халық денсаулығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, оған Ұлттық сараптама орталығының басқарма Төрағасы Ерлан Қиясов қатысты.

Халықаралық конференцияға қатысушылар БҰҰ мойындаған және қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып саналатын Арал теңізі мәселесін талқылады.

Бүгінгі таңда қоршаған орта факторларының адам денсаулығына зиянды әсерін болдырмау мақсатында республикада санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүйесі енгізілді. Мамандар ауаны, топырақты, суды, тамақ өнімдерін бақылауды іске асыруда. Эпидемиологиялық маңызы бар объектілерге: сумен жабдықтау, ашық су қоймалары, азық-түлік, өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілер жатады.

Ерлан Қиясовтың айтуынша, өз кезегінде ҰСО зертханалары өңірдің су қоймаларын, ауасын және топырағын зерттеу жұмыстарын жүргізді.

«2019-2021 жылдар аралығында біздің орталықтың зертханаларында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің ашық су қоймаларынан бейорганикалық қосылыстар мен қаттылық бойынша асып кету анықталды, сәйкессіздіктің үлес салмағы 31,6% құрады (сульфаттар, өлшенген заттар, хлоридтер және т. б.). Ал, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 32% құрады (жалпы микробтық саны, термотолерантты колиформды бактериялар, коли-фагтар және т.б.)", - деп атап өтті ҰСО басшысы.

Соңғы үш жылда атмосфералық ауаны зерттеу нәтижелері бойынша күкіртсутек, күйе және қорғасын құрамының артуы жиі анықталды. Ал топырақта санитарлық-химиялық зерттеулер жүргізу кезінде 0,4 жағдайда қорғасын табылды.

Сөзінің соңында, ол адамның тіршілік ету ортасының өзгеруіне байланысты халықтың денсаулығына зиянды факторлардың әсерін болдырмау және жою бойынша шұғыл және ұзақ мерзімді бірқатар іс-шаралар өткізуді ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының жалпы пікірталастарында сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын Арал теңізі мәселелеріне аударды, сондай-ақ Алматыда БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды.

Сурет галереясы