«Халал» шұжық пен консервіде шошқа еті табылды
В «халяль» - колбасах и консервах обнаружена свинина 14.04.2022

Шошқа етінің ДНҚ-сы дүкендерде сатылатын ресейлік консервілер мен «Мұсылман» жартылай ысталған шұжықтарынан табылды.  

Зерттеу нәтижелерімен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасы бөлісті.

Биыл наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасына мониторинг жасау аясында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алды.

Зерттеу барысында сиыр еті өнімі бар консервінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасы талапқа сәйкес келмейтіні анықталды: жартылай ысталған «Мұсылман» шұжығы (Ресей, Башқұртстан Республикасы); «Бұқтырылған сиыр еті жоғары сұрыпты» стерильденген кесек етті консервілер (Ресей, Қорған қаласы);  «Бұқтырылған сиыр еті жоғары сұрыпты» стерильденген кесек етті консервілер (Ресей, Орлов облысы).

Сондай-ақ, «Түскі асқа арналған шошқа еті» стерильденген тартылған ет консервілерде (Ресей, Мәскеу облысы) тауық етінің ДНҚ-сы анықталды.

Зерттеу нәтижесінде анықталған қорытындыларға байланысты бұл өнімдер талапқа сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді.

ҰСО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін  дұрыс таңбаламайды, сонымен қатар өнім заттаңбада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейді.

Сурет галереясы