жүктеу
СҚО-да азық-түлік тауарлары мен халық тұтынатын тауарлар үлгілерінің 20% санитарлық нормаларға жауап бермейді
В СКО 20% образцов из продовольственных товаров и товаров народного потребления не отвечают санитарным нормам 24.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында 2019 жылғы 7 айда өнімнің қауіпсіздігін бақылау аясында 2 757 үлгі зерттелді және 15 965 зерттеу жүргізілді.   

Зерттелген үлгілердің жалпы көлемінен 573 (20,8%) санитарлық нормаларға жауап бермейді. Сәйкес келмейтін 573 үлгінің 352-і тамақ өнімдеріне және 221-і азық-түлік емес тауарларға келеді.

15 965 зерттеудің 620 зерттеулерінде таңбалау және зертханалық көрсеткіштер бойынша бұзушылықтар анықталды. Зертханалық сынақтар барысында: өнімді таңбалауда көрсетілмеген зең, қышқылдық, тауықтың ДНҚ, шошқа, сиыр еті анықталды. Сондай-ақ, филиал қызметкерлері описторх метацеркариі, сальмонелла бактериялық таяқшалары, май қышқылдарының транс изомерлері, натрий бензоаты, нитрит, формальдегид, фенол, метанол, метил спирті, левомицетин, темір, мырыш және т. б. анықталды.

Сынаманы қабылдау және іріктеу бөлімі берген мәліметтері бойынша азық-түлік өнімдерін сараптау кезінде 10 219 зерттеу жүргізілді және 1 754 үлгі алынды, оның 352 үлгісі нормаларға сәйкес келмейді.

Зерттеумен сүт өнімдері, ет және балық өнімдері, құс еті, жарма, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері қамтылды.

Азық-түлік емес тауарлар тобынан бақылаумен балалар ойыншықтары, киім-кешек, парфюмерия, автомобильдік салқындатқыш сұйықтық, тұрмыстық химия тауарлары және т. б. қамтылған. 1 003 үлгі зерттелді және 5746 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 221 үлгі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

Сынамаларды қабылдау және іріктеу бөлімі үлгілерді қабылдауды және сынақ хаттамаларын беруді жүргізеді. Барлық келіп түскен үлгілер тіркеледі, сәйкестендіріледі және зерттеу үшін сынақ зертханаларына беріледі. Бөлім қызмет құнын есептеуді жүргізеді. Зерттеулер орындалғаннан және бөлімде нәтижелер алынғаннан кейін сынақтың жалпы хаттамасы ресімделеді және тапсырыс берушіге беріледі.

Сонымен қатар, сынамалар қабылдау және іріктеу бөлімінің қызметкерлері зерттеу көрсеткіштері, сынамалар зерттеулерін жүргізу рәсімі және зертханалық сынақтарды жүргізуге байланысты басқа да ақпараттар туралы кеңес береді.

Фотогалерея