жүктеу
Қарағандыда сатылып жатқан жеміс-жидектер мен көкөністердің құрамында нитрат жоғары болып шықты
Фрукты и овощи, напичканные нитратами, продавали в Караганде 20.09.2019

Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы «Қауіпсіз өнімді таңда» акциясын өткізді, іс-шара барысында мамандар 200-ден астам жеміс-жидек, көкөніс, шетелдік және отандық бақша өнімдерін тексерді.

Экспресс-зертханалық зерттеулер барысында ҰСО мамандары 19 үлгіде нитраттар көрсеткішінің жоғары екендігін анықтады. Талаптарға сай келмейтін өнімдер тізбесіне: жүзім, қызыл пияз, алмұрт, ақ пияз, қарбыз, банан, жасыл шабдалы, киви, қара өрік, жүзім, қара жүзім, қызыл жүзім, қауын, анар, ананас кірді.

Естеріңізге сала кетейік, нитраттар құрамының шамадан тыс артуы бүкіл ағзаға кері әсер етеді (ұйқышылдық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, бас ауруы). Сондай-ақ нитраттардың улы әсері бауырға, бүйрекке, жүрекке, қалқанша безге теріс әсер етеді және асқазан-ішек жолында қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін арттырады.

«Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы республиканың барлық аймақтарында ай сайын өткізіледі. 

«Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы

Қарағанды қ.  

Құрамында нитрат көрсеткіші жоғары жеміс-жидектер және көкөніс тізбесі

Өнімдер

Нитраттар нормасы

Табылды

Жүзім (Өзбекстан)

60-тан артық емес

67

Қызыл пияз (Қытай)

80-нен артық емес

98

Алмұрт (Қырығызстан)

60-тан артық емес

133

Ақ пияз (Қытай)

80-нен артық емес

122

Қарбыз (Қазақстан)

60-тан артық емес

400

Банан (Эквадор)

90-нан артық емес

207

Жасыл шабдалы (Қытай)

60-тан артық емес

148

Киви (Қытай)

60-тан артық емес

87

Киви (Қытай)

60-тан артық емес

111

Киви (Қытай)

60-тан артық емес

98

Киви (Қытай)

60-тан артық емес

91

Өрік (Өзбекстан)

60-тан артық емес

115

Жүзім кишмиш (Өзбекстан)

60-тан артық емес

72

Жүзім кишмиш (Өзбекстан)

60-тан артық емес

83

Қара жүзім (Өзбекстан)

60-тан артық емес

140

Қызыл жүзім (Өзбекстан)

60-тан артық емес

105

Қауын (Қазақстан)

90-нан артық емес

238

Анар (Түркия)

60-тан артық емес

129

Ананас (Монако)

60-тан артық емес

92

 

ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ www.nce.kz